«Аға ма, әлде неке ме?» фильмінің екінші саундтрегі жарық көрді

«Аға ма, әлде неке ме?» фильмі – Айдар мен Гаухар туралы баяндайтын комедиялық хикая. Жас жұп үйленуге шешім қабылдайды, оларға ешкім кедергі келтірместей көрінеді. Бірақ, барлығы оңай болмайды. Гаухардың бес ағасы қарындастарының таңдауымен келіспейді. Айдар кез келген жолмен ғашығының ағаларының жүрегіне жол тауып, өзі туралы қарсы пікірді өзгертуге тырысады.

Кинокартина режиссер Ернар Нұрғалиевтің толық метрдегі дебюті.
Фильмде басты рөлдерді Құралай Анарбекова, Дәурен Серғазин, Әбунасыр Серіков, Мұрат Бисенбин, Бауыржан Қаптағай, Тәуекел Мүсілім ойнайды.

Айта кетейік, «Аға ма, әлде неке ме?» фильмінің тұсаукесері 26 қазанда өтеді.

ДереккөзBrod.kz