Басты бет Жаңалықтар Ақтөбеде Сирияға кетпек болған 20 адам ұсталды

Ақтөбеде Сирияға кетпек болған 20 адам ұсталды

Ақтөбе облысында Сириядағы соғысқа аттанбақ болған 20 адам қолға түсті, - деп хабарлайды «Қамшы» сайты.

Ұсталғандардың барлығы Ақтөбе қаласы мен Мұғалжар ауданының тұрғындары көрінеді. ҰҚК қызметкерлері тоқтатқан Газель көлігінің ішінде 20 адам болған. Олардың 10-ы ерлер, қалғаны әйелдер мен балалар екен.

ҰҚК қызметкерлері ұсталғандардың Сирия сапарына ұзақ дайындалғандарын, жүретін бағыттарды мұқият пысықтағандарын айтады. Тіпті, «қасиетті сапарға» шығатын күні күдік туғызбас үшін ерлер сақалдарын қырып тастап, әйелдері хиджаптарын шешкен. Жиһадқа жиналғандар онда әйелдерімен қоса, балаларын да алып кетуге әрекеттенген.

Қазір ұсталған еркектер түгел уақытша ұстау изоляторына жабылып, әйелдер мен балалар үйлеріне жіберілген. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.

2 пікір

  1. Дін басылары ұлттық арна,асыл арна т.б арналардан ислам дінінде соғысқа,қан төгіске жол жоқ жихад деп жат елге бару қате түсінік қан төгу күнə екені жайлы жəне ата аналар балаларыңды қадағалаңдар күмандарың болса мешіттің имамдарынан сұраңдар деп.Мешіт имамдарынікінен өзгеше болса ол дұрыс емес деп халыққа жиі жиі айтып тұрса жастар адаспас еді

  2. Ассалаумағалейкум мұсылман қауым! Халқымыздың діни білім деңгейі төмен, білгенімізден-білмегеніміз көп. Ел аузынан естіп дінге енді келген сары ауыз балапандар осындай жолға түсіп кетіп жатыр. Деңгейімізді көтеру керек, жалпы орта білім қандай міндетті болса діни сауаттылық та сондай міндетті болуы керек. Иә, дінде зорлық жоқ, бірақ діни білім ел тыныштығын сақтау үшін, елді ішінен шірітетін күнәлі істерден тыю үшін, мемлекеттің жан-жақты қуаттануы үшін ең бірінші кезектегі нәрсе.Онымен мемлекет құптаған білім иелері айналысуы тиіс. Ал жихад мәселесі өзге елде емес өз үйімізде болуы шарт. Әр адам күнә мен кемшілікке жетелейтін өз нәпсісімен күресуі қажет. Туыстарын дінге шақыру оларға дұрыс ақпарат жеткізу міне ең үлкен жихад. Асыл арна секілді таным-білім беретін арна әр үйде болса адасушылар да азайған болар еді. Бұл мәселемен үкімет айналысуы және қажетті әрі дұрыс ақпараттың халыққа жетуін жітті қадағалау керек. Қазір адамның писихологиясын бұзып өзге арнаға жетелейтін ақпараттар тегін таратылады бұқаралық ақпараттың бар саласында. Бұл ұлтымыздың қауіпсіздігіне нұсқан келтіреді. Сол себепті таратылатын ақпараттың сараптаудан өтуі заңмен бетілуі тиіс. Әр қазақстандық ең бірінші отбасының екінші отанымыз қазақ елінің бейбіт тыныштығына өз үлесін қосуы керек. Бұл да жихад.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version