Ақтөбеде Сирияға кетпек болған 20 адам ұсталды

Ұсталғандардың барлығы Ақтөбе қаласы мен Мұғалжар ауданының тұрғындары көрінеді. ҰҚК қызметкерлері тоқтатқан Газель көлігінің ішінде 20 адам болған. Олардың 10-ы ерлер, қалғаны әйелдер мен балалар екен.

ҰҚК қызметкерлері ұсталғандардың Сирия сапарына ұзақ дайындалғандарын, жүретін бағыттарды мұқият пысықтағандарын айтады. Тіпті, «қасиетті сапарға» шығатын күні күдік туғызбас үшін ерлер сақалдарын қырып тастап, әйелдері хиджаптарын шешкен. Жиһадқа жиналғандар онда әйелдерімен қоса, балаларын да алып кетуге әрекеттенген.

Қазір ұсталған еркектер түгел уақытша ұстау изоляторына жабылып, әйелдер мен балалар үйлеріне жіберілген. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.

ДереккөзҚамшы