Басты бетЖаңалықтарАи-92 маркалы...

Аи-92 маркалы бензиннің бағасы қарашаның аяғында түседі

«Қазан айында еліміздегі 40%-дан аса 92 маркалы бензин Ресейден әкелінген. Ресейде бензин құны 220 теңге, егер салықты алып тастасақ 200 теңге болады. Әрине, сол себепті ол қымбатырақ. Сондықтан ресей бен біздің бензин араласқанда, баға орташадан жоғарырақ», — деді Қанат Бозымбаев

Министр келесі айда АИ-92 маркалы бензин бағасына түзетулер енгізілетін болады деп мәлімдеді.

«Қарашада ресейлік бензин үлесі 30%-ға азаяды деп күтілуде. Сәйкесінше, қарашаның екінші жартысында бағаға түзетулер енгіземіз. Желтоқсанда ресейлік бензиннің үлесі 20% болады, қазақстандық бензин үлесі көбірек болады», — деп атап өтті ол.