Өскеменде үшкүндік халықаралық кітапханашылар форумы өтеді

Бүгін Өскемен қаласында Моңғолияның Баян-Өлгий аймағындағы Ақтан Бабиұлы атындағы орталық кітапхананың қызметкерлері мен ШҚО кітапханашыларының бірлескен форумы басталды.

Алдымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде «Кітап — рухани жаңғыру құралы» атты дөңгелек үстел отырысы өтті.

Халықаралық форум Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы қалалық орталық кітапханадан басталды.

«Дөңгелек үстелге Моңғолия Республикасы, Баян-Өлгий аймағының Ақтан Бабиұлы атындағы орталық кітапхананың басшысы Асқар Шаймарданұлы, Цэнгэл ауылы кітапханасының директоры Соян Мысаұлы бастаған делегация қатысты. Отырыста екі ел кітапханалары арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнату, мәдени-рухани байланыс жасау, өзара іс-тәжірибе алмасу мақсатында ортақ ой-пікірлер өрбіп, кітапхана директорлары өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды» — деді кітапхана директоры Гүлбаршын Әбілғазинова.

Алдағы үш күн бойы Өскемендегі өзге де кітапханаларда форум өз жалғасын табатын болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version