Илья Ильин әлемдегі ең үздік ауыр атлетші атанды

Бұл туралы Ауыр атлетиканың халықаралық федерациясы хабарлады. Дауыс беру ұйымның ресми сайты ұйымдастырып отыр. Ал әйелдер арасында Қытайдың Тайбэй атынан шығатын Сюй Шу-Чин көш бастады.

Қос спортшы да 2000-нан астам дауыс жинап, айқын жеңіске жетті. Айта кетеніні, IWF жанкүйерлер арасындағы сауалнамада 2015 жылы Ильиннің Грозный қаласында өткен Ресей президентінің кубогында жеңіп алған алтын медалі мен екі бірдей әлемдік рекорды оның дауыс беруде жеңіске жетуі мол септігін тигізгендігін алға тартты.

Дереккөз24 арна