Астанада биылғы жылы тоғыз мектептің құрылысы басталған.
«Биыл Астанада 9900 орынға арналған тоғыз мектептің құрылысы басталды. Абай – Бегендинов көше қиылысында орналасқан 1200 орындық мектеп; Оқжетпес – Бөкеев көше қиылысында орналасқан 1200 орындық мектеп; Қорғалжын тасжолында орналасқан 900 орынға арналған мектеп; Нәжмиденов – Қалдаяқов көше қиылысында орналасқан 1200 орынға арналған мектеп Өқжетпес – Қарталы көше қиылысында орналасқан 1200 орындық мектеп; Сейфуллин – Омаров көше қиылысында орналасқан 900 орынға арналған мектеп; Сауран — № 26 және Хусеин бен Талал көшелер қиылысында орналасқан 1200 орындық мектеп; № 41 – Жұмабаев көше қиылысында орналасқан 1200 орындық мектеп; № 31 – Нұра Есіл көше қиылысында орналасқан 1200 орындық мектеп», — делінген баспасөз хабарламасында.
Айта кетейік, қаладағы Иманов — Брусиловский көше қиылысында 900 орынға арналған оныншы мектептін құрылысы жоспарланған. Биылғы оқу жылында мектептерде орын жетіспеушілікті шешу мақсатында 2 600 орынға арналған бес ғимарат салынып, қолданысқа берілді.