Блогына келген хаттарды оқып шыққан Бердібек Сапарбаев халықтың жағдайына қарайласуға уәде берді

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа сұрақтар тек микрофон алдында ғана қойылмады. Әкімнің блогына жүз сауал және хат жүзінде отыздан астам сұрақ келген екен деп хабарлайды 31 арна.

Көпшілікті мазалайтын басты мәселе облыс аудандарының қатынас тас жолына күрделі жөңдеу жүргізу болды. Әкім бұл мәселенің алдағы уақытта кезеңмен шешілетіндігін айтты. Қала маңындағы және шалғайдағы елдімекендерге ауыз су мен газ тарту мәселесі де көп қозғалды. Тағы да тұрғындарды көп мазалайтын дүние — мемлекеттен жер алу.

Негізінен Ақтөбеде 147 мыңнан астам адам жер кезегінде тұр екен. Әкім жерге есепке алуда тәртіптің жоқтығын, бір адам бірнеше қайтара кезекте тұрғандығын айтты. Жылдар бойы қордаланған кезекке тексеру жүргізіп, шешуге тапсырма берді. Облыста тоғыз миллион гектар жер бар. Тек соның елу пайызы ғана қазір қолданыста екені де айтылды.

Қала іргесіндегі Махамбет деген өндірістік аумақ халқы, бұрынғы әкімдер ол жерден 170 үйді көшіріп, орнына үй береміз деп уәде еткендігін, алайда төрт — бес жыл өтсе де, хабардың жоқ екенін айтты.

«Жағдайларыңызды барып көреміз. Үй салуды да жаңа айттым. Жер бөлуде де мәселе болмайды. Ал енді үй алу заңға сәйкес болу керек. Біз заңсыз ешкімге үй бере алмаймыз», — деді Бердібек Сапарбаев.

Дереккөз31 арна
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Астанада бірқатар жол жабылып, автобус бағыттары уақытша өзгертілді

«Нұрлы жол» вокзалындағы қоғамдық көлік аялдамасы жабылды. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы хабарлады.

Әйнел Әмірхан: Әйел құқығын қорғауды жиі айтатын ерлер де оларды қолдауға дайын емес

Қазақстан әйелдері елдің саяси өміріне неге ерлермен теңдей араласа алмай келеді? Ал үй тірлігі тек әйелдің міндеті ме? Журналист-фрилансер Әйнел Әмірхан "Тасадағы әйелдер" дейтін жобасында сарапшылармен осы сұрақтардың жауабын іздейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания королімен сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания королі II Абдалла бен Хусейнмен сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Синоптиктер мереке күндері ауа райы қандай болатынын айтты

"Қазгидромет" РМК синоптиктері мереке күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Хабарламаға сәйкес, еліміздің басым бөлігі антициклон сілкінісінің ықпалында болады. Күн ашық және жылы болуы мүмкін.

Amanat тасқыннан зардап шеккен өңірлердегі инфрақұрылым нысандарын тексереді

Amanat-тың атынан депутаттыққа кандидаттар және партия белсенділері су басқан үйлердің тұрғындарымен кездесіп, гуманитарлық көмек беру үшін Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарына барды.

Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылады

Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылады. Бұл туралы қалалық ұтқырлық басқармасы хабарлады.