Жамбыл Жабаевтың ескерткішінің биіктігі 5 метр. Қола мүсіннің авторы – Нұрғалым Исабаев. Сәулетшілері – Жангелді Осан мен Сейітхан Қырқынбаев.
Тұманбай бейнесінің мүсіншісі – Алтай Бейсенов. Сәулетшісі – Құрманғазы Қадыров.
Ашылу салтанатында «Балдырған» журналының бас редакторы Дүйсен Мағлұмов бастаған журналистер қауымы да ақынға құрмет көрсетті. Салтанатты жиын соңында өнерпаздар ән шырқап, мерекелік концертке ұласты.