Басты бет Жаңалықтар Ақбота Сейтмағамбет ресейлік кинофестивалдің жүлдесіне ие болды

Ақбота Сейтмағамбет ресейлік кинофестивалдің жүлдесіне ие болды

Ақбота Сейтмағамбет «Гламур для дур» фильміндегі рөлі үшін XVIII «Күлімде, Ресей!» кинофестивалінде жүлдеге ие болды. Кинокөрсетілім Тула қаласында 14-20 қазан аралығында өткен.

«Гламур для дур» фильмі – режиссер Асқар Ұзабаевтың туындысы. Кинокартинада ауыл мектебінің түлегі Ұлжан туралы баяндалады. Бойжеткен Алматыға келіп, қала өміріне бейімделуге тырысады да, көптеген қызықты жағдайларға тап болады.

Картинада басты рөлдерді Ақбота-Нұр Сейтмағамбет, Дәурен Айдарқұлов пен Әсел Ақбарова ойнаған.

Айта кетейік, «Күлімде, Ресей!» байқауы – 2000 жылдан бері өткізіліп келе жатқан жалғыз ресейлік комедия фестивалі. Жыл сайын байқауға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Үндістан, Италия және Франция елдерінен келген фильмдер қатысады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version