Басты бетЖаңалықтарАқбота Сейтмағамбет...

Ақбота Сейтмағамбет ресейлік кинофестивалдің жүлдесіне ие болды

«Гламур для дур» фильмі – режиссер Асқар Ұзабаевтың туындысы. Кинокартинада ауыл мектебінің түлегі Ұлжан туралы баяндалады. Бойжеткен Алматыға келіп, қала өміріне бейімделуге тырысады да, көптеген қызықты жағдайларға тап болады.

Картинада басты рөлдерді Ақбота-Нұр Сейтмағамбет, Дәурен Айдарқұлов пен Әсел Ақбарова ойнаған.

Айта кетейік, «Күлімде, Ресей!» байқауы – 2000 жылдан бері өткізіліп келе жатқан жалғыз ресейлік комедия фестивалі. Жыл сайын байқауға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Үндістан, Италия және Франция елдерінен келген фильмдер қатысады.