Әділбек Жақсыбеков Астанада жұмыссыздық жоқ екенін айтты

Бұл туралы  бүгін халық алдында есеп беру жиынында Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков мәлім етті.

«Астанада халық алдындағы мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелері атқарылып отыр. 2015 жылы 100 мыңнан астам азамат әлеуметтік қолдаудың түрлі шараларымен қамтылды. Оған 4,3 млрд теңге бөлінген болатын», — деп атап өтті Жақсыбеков.

«Миграцияның көптігіне қарамастан, елорадада жұмыссыздық көрсеткіші ел бойынша ең төмен болып саналады. Қалада жұмыссыздық жоқ десе де болады. Себебі 1 миллионға жуықтайтын қалада 3 мың адам ғана жұмыссыздар қатарында. Олар қайта оқытылуда және басқа қоғамдық жұмыстарға жіберіліп жатыр. Жұмыс іздеген адамға жұмыс табылады», — деді әкім.

Әкімнің сөзіне қарағанда, қалада жұмыссыз отыру, өмір сүруге қажетті қаражатсыз қалу деген мәселе жоқ.

ДереккөзҚазАқпарат

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Елена Рыбакина Ролан Гаррос матчына неге шықпағанын түсіндірді

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінің матчына неге шықпағанын түсіндірді.

Мемлекет басшысы «Қызылжар-Сүт» фермасына барды

Президентке сүт фермасындағы сауын цехы және мал бордақылау алаңы көрсетіліп, осы кешенде қолданылатын сүт өндіру технологиясы таныстырылды.

Ерғали Егемберді қаржы министрлігі аппаратының басшысы болды

Ерғали Егемберді қаржы министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматыда велошеруге байланысты 28 автобустың бағыты уақытша өзгереді

Алматыда 4 маусымда мемлекеттік рәміздер күніне орай велошеру өтеді. Осыған байланысты 28 автобустың бағыты уақытша өзгереді. 

Мемлекет басшысы жазушылар одағының төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкеновті қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

Такси жүргізушілеріне қойылатын талаптар өзгереді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушы мен инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» бұйрықтың жобасын әзірледі.