Басты бетЖаңалықтарЖарқайың аудандық...

Жарқайың аудандық ауруханасында лапароскопия жолымен ота жасалуда

Жоғары білікті хирург ота кезіндегі барлық процесстерді арнайы құрал арқылы көрсетіп, түсіндіріп отырды. Оны онлай режимде ондаған ақмолалық мамандар тамашалады.  Қазіргі заманғы бейнекамера арқылы ішкі жақтағы бейнелер монитор экраны арқылы көрсетілді.

Айта кетейік, аталмыш ауруханада осындай оталар жасайтын жоғары технологиялық медициналық құралдар бар.  Екі күн ішінде мамандар осы құралдармен лапароскопия жолымен 7 ота жасады. Мұндай ота ауданда тұңғыш рет жасалып отыр. Жарқайың аудандық ауруханасы хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Махамбет Досмұратов үшін бұл таптырмас тәжірибе.

Махамбет 5 жыл бұрын ауданға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша келген мамандардың бірі. Биылғы жылы ол ҚР Президентінің іс басқармасының медициналық орталығы ауруханасында «Абдоминалды хирургияда эндовидеохирургиялық араласу» циклі бойынша біліктілігін арттырып келді. Жас маман енді Жарқайың, Есіл және Жақсы аудандарынан келген науқастарға ота жасай алады.