Басты бет Жаңалықтар Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуін шетелдіктер де қолдап отыр

Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуін шетелдіктер де қолдап отыр

Пусан шет тілдері университетінің профессоры Ву Дук Чан: "қазақ әліпбиінің латын қарпіне ауысуы оның әлемдегі танымалдылығын арттыра түседі", - дейді.

Бұл жоғары оқу орны қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруді қолдап отыр. Тіпті Орталық Азиялық зерттеу факультетіндегі Абай пәнінің оқыту тілін өзгертуді де жоспарлап қойған.

Профессор студенттер қазақ тілін меңгеру үшін алдымен орыс әріптерін жаттайтын, енді бұл оңайға соғатынын айтады. Себебі Оңтүстік Кореяның барлық мектебі алдымен ағылшын тілін үйретеді.

Ву Ду Чан, Пусан шет тілдері университетінің профессоры: Мәселен менің жасым 60-та. Бірақ маған түрік тілін үйренген оңайырақ, себебі мектепте неміс немесе француз тілдерін өткен едік. Сол сияқты кириллицаның латыншаға ауысуы тілді меңгеруді жеңілдете түседі. Латын қаріпі үйреншікті әліпби ғой.

6 пікір

  1. Мақала жақсы жазылған. Латын әліпбиіне көшсек, шындығында, көптеген мәселелер шешілер еді.

  2. Латын әліпбиіне көшу емес, оралу. Бұл — Мәңгілік елдің мызғымас негізі. Бастама баянды болса екен!!!

  3. Қазақ жазуын латын графикасына көшіру — бүгінгі заман талабы, ел тарихындағы халықаралық басекеге сай дамудың елеулі үрдісі. Сондықтан латын графикасына көшуді қолдаймын және бізге бүгінде латын графикасын қолданушы елдердің тәжірибесін ескеру қажет деп санаймын.

  4. Латын әліпбиіне көшу — қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Латынға көшкенімізде біріншіден, тіл тазалығы мәселесін басты назарда ұстау қажет. Сонымен қатар тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтау керек.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version