Бұл жоғары оқу орны қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруді қолдап отыр. Тіпті Орталық Азиялық зерттеу факультетіндегі Абай пәнінің оқыту тілін өзгертуді де жоспарлап қойған.
Профессор студенттер қазақ тілін меңгеру үшін алдымен орыс әріптерін жаттайтын, енді бұл оңайға соғатынын айтады. Себебі Оңтүстік Кореяның барлық мектебі алдымен ағылшын тілін үйретеді.
Ву Ду Чан, Пусан шет тілдері университетінің профессоры: Мәселен менің жасым 60-та. Бірақ маған түрік тілін үйренген оңайырақ, себебі мектепте неміс немесе француз тілдерін өткен едік. Сол сияқты кириллицаның латыншаға ауысуы тілді меңгеруді жеңілдете түседі. Латын қаріпі үйреншікті әліпби ғой.