Басты бетЖаңалықтарАлматыда робототехника...

Алматыда робототехника шеберханасы ашылды

Ол дарынды балаларды ынталандыру мақсатында «Өзің жаса» форматында қолға алынған.

«Maker lab» жобасы 70 жылдардағы америкалық қоймалардың баламасы», – дейді ұйымдастырушылар.

Онда 15 жастағы болашақ миллиардерлер өздерінің алғашқы жобаларын жасаған екен. Енді алматылық дарынды балалар қараша айынан бастап оқушылар сарайының зертханасында жаңа құралдармен тегін жұмыс істей алады. Олар бағдарлама жасау, электроника, жобалау туралы білім алып, өз идеяларын жүзеге асырмақ.

Илья Домакидис, №71 лицей оқушысы: Жасанды қол жасасам деп ойлаймын. Бірақ әзір оны қалай жасауды білмеймін. Ол үшін көп үйрену керек.

Владимир Маношкин, «Maker Lab» шеберханасының оқытушысы: Бізде  3д принтерлер,  фрезер аспаптары, дәнекерлейтін құралдар бар. Ноутбуктар қажетті бағдарламамен қамтамасыз етілген. Сондықтан балаларға бар білетінімізді үйретуге тырысамыз.

Дереккөз24.kz