Бауыржан Байбек байларға коттедждерін балабақшаға айналдыруды ұсынды

«Алматыда балабақша қашанда жетіспейді. Біз бұл мәселені ешқашанда 100 пайыз шеше алмайтын шығармыз. Өйткені қала тұрғындарының саны жылдан-жылға артып келеді. Қазіргі таңда осы мәселені шешу жолында қалада  мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында 1000 балаға 22 жеке коттедже балабақшалар ашылды. Адамдар кезінде коттеджерді көптеп салып алды ғой. Енді оны күтудің өзі қымбатқа түстіндігіне көз жеткізе бастады. Сондықтан, қазір коттедждері бар азаматтар, сол баспаналарын жеке балабақшаға айналдырып, әжептеуір ақша табуларына болады. Біз оларға мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы бойынша әрбір бала үшін 21700 теңгеден ақша төлейтін боламыз. Алдағы уақытта қалада тағы 5000 мың орынға шақталған жеке бала бақшалар ашуды жоспарлап отырмыз. Ал бұл бюджет қаржысын 50 млрд. теңгеге қысқартуға мүмкіндік береді», — деді Байбек.

Сонымен қатар, қала басшысы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында Алматыда басқа да ауқымды жобалар қолға алынатындығын жеткізді.

«2016 жылы Алматыда жалпы сомасы 37,6 млрд. теңгеге 16 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Осы жобалар арқылы 4300 жаңа жұмыс орны ашылатын болады. Сондай-ақ, биыл қалада бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жалпы сомасы 34,5 млрд. теңгеге 25 балабақша, 4 мектеп, бір емхана және 150 балалар және спорт алаңдары салынады », — деді Бауыржан Байбек.

Естеріңізге сала кетелік, мысалы өткен жылы Алматыда 110 балалар және спорт алаңдары салынған болатын.

ДереккөзҚазАқпарат

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі БҚО-ның әлеуетімен танысты

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев екі күндік жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысында болды.

Президент қазақстандықтарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Twitter-парақшасында құттықтау жариялады. 

Атырауда жалған нөмір таққан көліктің 86 айыппұлы бар болып шықты

Атыраулық жүргізуші 86 айыппұлы төленбеген, мемлекеттік белгісі жалған көлікпен ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Мемлекет басшысы Алматыға жұмыс сапарымен келді

Мемлекет басшысы Алматыға жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады. 

Әскерде жүрген сарбаздың несиесі уақытша тоқтатылады

Әскерде жүрген сарбаздың несиесі уақытша тоқтатылады. Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаевты балағаттағаны үшін қылмыстық жазаның күші жойылуы мүмкін

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевты балағаттағаны үшін қылмыстық жазаның күші жойылуы мүмкін. Бұл туралы әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.