Басты бетЖаңалықтар​Атырау облысында...

​Атырау облысында 140 млрд теңгенің «5 ЭКСПО» жобасы жүзеге асуда

Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне Атырау облысынан 82 902  адам барған (жоспарланғаны – 65 мың адам). Оның ішінде мектептер мен колледждердің 13 000 оқушысы және оларды алып барған 2000-нан астам мұғалім мен медицина қызметкерлері бар. Бұл — республика бойынша жоғары көрсеткіш. Атырау облысы әкімі қазір аймақта «Жасыл энергия» технологиясы бойынша жалпы сомасы 140,218 млрд теңгенің 5 жобасы жүзеге асырылып жатқанын айтты. Олардың бәрі де ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде назарға ұсынылды. «ЭКСПО-2017-нің» тағы да 23 жобасын қолданысқа енгізу мүмкіндігі қарастырылуда.
Нұрлан Ноғаев, сондай-ақ, мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған міндеттер бойынша аймақта 1,6 млрд теңгеге 106 жоба жүзеге асырылатынынан хабардар қылды. Оның 1,088 млрд теңгесі – кәсіпкерлердің демеушілік қаражаты.
Айта кету керек, 2017 жылы Атырау облысында 1-4 сыныптарда оқитын 54 418 оқушының барлығы және әлеуметтік аз қамтылған отбасы балалары тегін ыстық тамақпен қамтылды (2014 жылы – 42480, 2015 жылы – 48148, 2016 жылы – 51143). Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 2 135,8 теңге (2014 жылы – 1204,324, 2015 жылы – 314,234, 2016 жылы – 1195,0 теңге) бөлінді.