Басты бет Жаңалықтар Бекман Сойлыбаев WBC титулын қорғап қалды

Бекман Сойлыбаев WBC титулын қорғап қалды

Лас-Вегастағы кездесуде 27 жастағы Сойлыбаев 39 жастағы мексикалық Фернандо Варгасты төрешілердің бірауыздан берген шешімімен жеңді.

Сөйтіп, қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев Бүкіләлемдік бокс кеңесінің титулын (WBC International екінші жартылай жеңіл салмағы) қорғап қалды.

Кездесу 10 раундқа созылды. Оны Golden Boy Promotions бокс кешінің аясында АҚШ-тың жетекші телеарналарының бірі — ESPN арнасында көрсетілді.

Еске сала кетсек, жеңіліп көрмеген Сойлыбаев кәсіпқой бокста 12-ші жеңісіне қол жеткізді. Варгас болса кәсіпқой бокстағы 33-ші кездесуін өткізіп, төртінші рет жеңіліс тауып отыр. Ал бокс кешінің басты оқиғасы орта салмақта жұдырықтасатын пуэрториколық Габриэль Росадо (23-11, 13 КО) мен америкалық Глен Тапианың (23-4, 15 КО) арасында өтетін жекпе-жек болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version