Басты бет Жаңалықтар Жемқорлықты әшкерелеу арқылы бюджетке 7,5 млрд теңге қайтарылды

Жемқорлықты әшкерелеу арқылы бюджетке 7,5 млрд теңге қайтарылды

Мемлекеттік органдардың кәсіпкерлер жұмысына негізсіз араласуы бойынша 3 мыңға жуық жағдай орын алған. Бұл туралы Жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ұлттық бюро департаментінің директор орынбасары Талғар Серікбаев мәлімдеді.

©Inform.kz

2017 жылдың басынан бері жүйелі жемқорлықтың 89 дерегі мен 300 шақты заң бұзушы тұлға анықталды.

«Жыл басынан бері тендерді ұтып беруге көмектесу мақсатында кәсіпкерлерден пара дәм еткен 269 оқиға анықталды. Жалпы, жемқорлыққа қарсы қызмет кезінде біз 22 млрд теңгені ел бюджетіне қайтардық. Бұл қаржыға 14 мектеп немесе 73 балабақша немесе 13 аурухана салуға болады», — деді Талғат Серікбаев.

Ал жыл басынан бері орган мемлекетке 7,5 млрд теңге өндіріп берген.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version