Қарағанды облысының басым бөлігінде жел 15-20 м/с дейін күшейіп, түнде кей уақытта оның екпіні 24 м/с жетеді. Сондай-ақ кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде желдің жылдамдығы 23-28 м/с-қа артады, тұман, көктайғақ болжанады.
Павлодар облысында күндіз желдің күші 25 м/с жетуі ықтимал.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 15-20 м/с-пен соққан желдің екпіні 23-28 м/с жетеді.
Қостанай облысында желдің жылдамдығы 15-23 м/с күшейіп, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Ақмола облысының кей жерлерінде желдің күші 15-25 м/с жетіп, түнде және таңертең тұман түседі.
Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең сондай-ақ тұман болжанады.
Атырау облысының кей жерлерінде тұман болып, түнде жел 15-20 м/с артады.
Қызылорда, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Маңғыстау облысының кей аумақтарында тұман күтіледі.