Доктор Ғабит Нұрымбетов — аталмыш компанияның бас ғылыми қызметкері және Warwick университетінің түлегі. Жас ғалым фармацевтика өнеркәсібінде пайдаланылатын стандарт құрал-саймандарды пайдалану кезінде жұмсалатын дәрілерді трансдермал алаңынан шығаруды тексере алатын құрал жасап шығарды.
Аталмыш құрылғы Франц клеткасының (бұл трансдермал препараттарды тексеру үшін жиі пайдаланылатын құрылғы) жетілдірілген, кішірейтілген және мультиплекстелген нұсқасы. Франц клеткалары тәулігіне 12-ге жуық препаратты тексеретін болса, аталған құрылғы сол уақытта 108 препаратты тексеруге мүмкіндік береді.
Medherant-пен патенттелген диффузиялық клетка химиялық тұрғыдан төзімді инженерлік пластмассадан (мысалы, Formula 1 машиналарында қолданылғандай) жасалған. Ол әртүрлі өнім құрамын неғұрлым дәл және тиімді тестілеуді қамтамасыз етеді. Және де компанияға үш айдан кейін препаратқа толық техникалық-экономикалық негіздемені жүргізуге мүмкіндік бермек. Ал басқа фармацевтикалық компанияларда процесс бір жылға созылуы мүмкін.
Болашақ ғалым осыдан сегіз жыл бұрын Қазақ-Британ Техникалық Университетін тәмамдап, полимер химиясынан PhD алу үшін Warwick университетіне оқуға келeді.
Университеттің химия кафедрасында профессор Дэвид Хадлтонмен және профессор Стефан Бонмен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. PhD докторантураны бітіргеннен кейін профессор Хадлтонның өндірістік серіктестер үшін полимерлеу өнімділігін жақсартуға бағытталған тобында зерттеуші болып жұмыс істейді.
«2009 жылы Қазақ-Британ техникалық университетін бітіріп, оқуымды әлемнің жетекші университеттерінің бірінде жалғастырғым келді. Менің өтінішім Warwick университетінің профессоры Бонның назарын аудартты. Сәтті сұхбаттан кейін, ол маған өз тобында PhD докторы болу мүмкіндігін ұсынды. Үш жыл Бон Лабораториясының мүшесі және екі жарым жыл Haddleton Group-та постдоктор зерттеуші ретінде өз білімімді кеңейтіп, оны күнделікті өмірде қалай қолдануға керектігін үйрендім», — деді Ғабит Нұрымбетов.
Доктор Нұрымбетов пен профессор Хадлтон медициналық плацкаларды қолдану үшін жабысқақ технологияларды әзірлеуге арналған жаңа полимерлерді қолдануға мүдделі болды.
2015 жылы профессор Хадлтон Medherant компаниясын құрған кезде Нұрымбетов негізін қалаушы ғалым, ал биыл компанияның бас ғалымы болды.
Medherant және доктор Нұрымбетов TEPI Patch® арқылы әртүрлі препараттардың тұрақты, мақсатты, жоғары дозасын үнемі жеткізе алатын жіңішке, икемді желімшені әзірледі. Белгілі бір терапияға қойылатын талаптарға байланысты, патч препаратты 12, 24 немесе 72 сағатқа дейін немесе тіпті одан ұзағырақ алу үшін жасалуы мүмкін.
TEPI Patch қазіргі уақыттағы нарықта дәрі-дәрмектерді жеткізіп беруді жүзеге асыратын басқа компаниялардан тиейтін жүктің көлемі бойынша алдыңғы орында (жүк салмағының 30%-на дейін). Бұл өнімнің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. TEPI Patch басқа да патчалық өнімдермен салыстырғанда дәрінің ысырап болуын азайтады. Қалдық дәрінің аз мөлшері тасталғанда қоршаған ортаға зиян келтірмейді және ықтимал теріс пайдаланушылыққа жол бермейді.
«Академиялық ортадан Medherant-қа көшу қиынға соқты, бірақ бұл мен үшін өте қызықты тәжірибе болды. Компанияның мүшесі ретінде сіз академиялық зертханада зерттеуші ретінде ойламаған күнделікті жұмыстың кейбір аспектілерін үнемі қарастыру керексіз. Химиялық заттардың шығындары, энергияны тұтыну, қалдықтарды кәдеге жарату, зертханалық жабдықтау сияқты параметрлер теңестірудің күнделікті бір бөлігі. Қызықтысы — сізге қарапайым процестер мен құралдарды жақсарту арқылы компанияның өнімділігін арттыруға мүмкіндік беріледі. Осылайша Medherant-тың жоғары өнімді диффузиялық сынақ жүйесі әзірленді. Кәдімгі Франц клеткасымен тәжірибе жасағаннан кейін, біз өнімнің сынау жылдамдығын он есеге дейін арттыруға мүмкіндік беретін құрылғыны ойлап табу мүмкіндігін байқадық”, — дейді ғалым.
Доктор Нұрымбетовтың жоғары өнімді құрылғысы Medherant компаниясының жетекші ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық мүмкіндіктерінің негізіне еніп, компанияға 24 айдан астам уақыт бойы TEPI Patch адгезивтік полимерлерінде 50-ден астам препараттарды үйлестіруге мүмкіндік берді.
Компания үлкен Еуропалық фармацевтикалық компанияға жоғары өнімділік жүйесін пайдаланып, техникалық-экономикалық негіздемені аяқтады.
Medherant жақында әлемдегі ең үлкен өндірушілердің бірі — Жапонияның Transdermal Patch компаниясымен TEPI Patch технологиясының әлеуетін бағалау үшін, өздерінде бұрын өндірілмеген, препаратты адгезивтік патч ретінде қалыптастыруға қабілетті дәрілерді жеткізу туралы келісімге қол қойғанын хабарлады.
Medherant ибупрофен мен лидокаинді қоса алғанда, ауруларды емдеуге арналған әртүрлі өнімдерді әзірлеу үшін инновациялық TEPI патчаларын пайдаланады. Компания алдағы 2-3 жылда жаһандық нарыққа шығу үшін (сәтті клиникалық сынақ пен нормативтік мақұлдаудан кейін) өнімдерді лицензиялауды жоспарлап отыр.