Қысқы дөңгелектер не үшін керек?
Қысқы және жазғы дөңгелектердің айырмашылығы жалғыз «тікендерінде» ғана емес. Қысқы дөңгелектер төменгі температураға төзетін химиялық құрамнан жасалады. Егер жазғы дөңгелекпен аязға шықсаңыз, дөңгелек қатып қалады да, басқаруға бағына бермейді.
Барлық мерзімдерге арналған әмбебап дөңгелектер қысы қатты болатын аймақтарға жарамсыз.
Дөңгелектерді қашан ауыстыру керек?
Ауа температурасы бір апта бойы 5-7°С-тан көтерілмесе, дөңгелектерді алмастырудың қамына кірісу қажет. Әдетте, бұл қазан айының соңы мен қарашаның басына сәйкес келеді.
Қысқы дөңгелекті қалай таңдаймыз?
Дөңгелектің екі түрі бар: тікенекті және «жабысқақ» дөңгелектер. Соңғысы скандинавиялық және еуропалық түрлерге бөлінеді. Демек, жалпы алғанда, қысқы дөңгелектердің үш түрі бар және олардың айырмашылығы көп.
1. Тікенекті дөңгелек
Мұндай дөңгелектер қысы қатал, көктайғақ жиі болатын аймақтарға арналған. Олардың дауысы салыстырмалы түрде қатты шығады. Құрғақ асфальтта жүргенде тез желініп кетеді. Кейбір Еуропа елдерінде дөңгелектің осы түріне тыйым салынған.
2. Скандинавиялық «жабысқақ» дөңгелек
Бұлар қысы ұзақ болатын, қар қалың түсетін, температурасы төмен аймақтар үшін тиімді. Мұндай дөңгелектер болса, омбы қардан қорқудың қажеті жоқ, бірақ көктайғақтарда жылдамдықты бірқалыпты ұстап, бұрылыстарда абай болу керек және бірден тоқтауға да болмайды.
3. Еуропалық «жабысқақ» дөңгелек
Аталған дөңгелектер қысы Алматыдағы сияқты ылғалды, сулы қарлы, жаңбырлы болатын аймақтарға арналған. Қар үйінділерінен оңай өтеді, аязды күні құрғақ асфальтта да жеңіл жүреді, бірақ көктайғақта сақ болуды талап етеді.
Қандай моделін таңдаймыз?
Дөңгелектің түрін таңдаған соң, қандай моделін алатыныңызды шешу керек. Қай дөңгелектің сіздің көлігіңізге сай келетінін анықтау үшін таңбаларын оқи білген жөн.
- P — дөңгелектің өлшемі. Аталған белгі жеңіл көліктің дөңгелектерінде болады;
- 215 — сұлбасының ұзындығы. Ол миллиметрмен өлшенеді;
- 65 — сұлбасның биіктігі. Ол процентпен өлшенеді;
- R — радиалды құрылымы;
- 15 — дөңгелектің отырғызу диаметрі. Дюйммен өлшенеді;
- 95 — салмақ индексі;
- T — жылдамдық индексі;
- M+S — Mud + Snow, қысқы және әмбебап дөңгелек;
- Treadwear 220 — тозу индексі (жоғары болғаны дұрыс);
- Traction А — тежегіш тиімділігінің көрсеткіші. А, В, С деген маркалары бар. A — ең жақсысы;
- Temperature А — қыздыруға шыдамдылығы. А, В, С деген маркалары бар. A — ең жақсысы.
Қосымша ақпарат:
- All Seasons (немесе AS) — әмбебап дөңгелек;
- Значок снежинки — қысқы дөңгелек;
- Tubeless — камерасыз дөңгелек;
- Max pressure — максимал қысым;
- Outside пен Inside — асимметриялы дөңгелектердің сыртқы және ішкі жақтары;
- Rotation — айналу бағыты;
- Water, Rain, Aqua, қолшатыр белгісі — акватұрақтылығы.
Бұл белгілердің ішінде ұзындығы мен биіктігіне, салмақ пен жылдамдық индексіне, тежегіш пен тозу көрсеткіштеріне мән берген жөн.
Дөңгелектің жасалған күнін тексеру
Сатып алмастан бұрын дөңгелектің жасалған күнін міндетті түрде тексеру керек. Себебі жасап шығарушылар оның екі жылға жарамды болатынына кепілдік береді. Егер дөңгелек қоймада көп уақыт тұрып қалса, сапасы төмендеп кетеді.
Жасалған күнін тексеру өте оңай. Ол дөңгелектің бір қырында төрт таңбалы сан болып жазылады. Алғашқы екеуі — апта, қалғаны — шығарылған жылы. Мысалы, 5016 — 2016 жылдың 50-аптасы.
Қосымша ақпараттар:
- Бұрын қолданылған дөңгелектерді сатып алмағаныңыз жөн. Оның жарамдылық мерзімі өте аз болғандықтан, екі рет шығындану қаупі бар.
- Көліктің негізгі жүргізуші дөңгелектерін ғана алмасыртырудан бас тартыңыз. (Мысалы, көлік артқы жетекті болса, тек артқы дөңгелектерді ауыстыру дұрыс емес)
- Дөңгелектердің жарамдылық мерзімін арттыру үшін әр 8 мың шақырым жүрген сайын алдыңғысы мен артқысының орнын ауыстырып отыру керек.