Қазақстан тағы екі жер серігін ұшырады

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Марат Нұрғожин екі жер серігі дайындалып жатқанын мәлімдеді.

«Өздеріңіз де білетіндей, қазіргі уақытта 4 аппарат штаттық режімде жұмыс істеуде. Келесі жылдың басында орбиталық топ тағы екі жер серігімен толығуы тиіс. Қазсат ғарыштық жүйесі байланыстың Қазсат-2 және Қазсат-3 жер серігінен тұрады. Қазіргі уақытта біздің жер серігіміз арқылы жерсеріктік байланыстың шамамен 7,5 жерүсті стансасы жұмыс істеп тұр. Қазақстанның 16 жерсеріктік байланыс операторы мен ұйымының қажеттілігі қамтамасыз етілген»,-  деді Марат Нұрғожин.

Вице-министрдің дерегінше, қазіргі уақытта Қазсат-3 арқылы Отау ТВ-ның 1 миллионнан астам абоненті қызмет алады.

«Жер серіктерінің белсенді жұмыс істеу мерзімі аяқталғаннан кейін жоспарлы ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2023 жылы Қазсат-2 жер серігін жоспарлы алмастыру үшін Қазсат-2Р жер серігін жасап, ұшыру жоспарланған», — деді Марат Нұрғожин.