Моңғолиядағы боксшы қазақ қызы Нұржамила Батырбекқызының арманы

Нұржамила Батырбекқызы Моңғолия астанасы Улаанбаатар қаласындағы орта мектептердің бірінде оқиды. 2013 жылдан бері республикалық жарыстарда жүлде ала бастаған қазақ қызы Моңғолия жасөспірімдерінің 2016 жылғы чемпионатында 48 килограмм салмақ дәрежесінде алтын медаль алды.

Нұржамила Батырбекқызы

 

Нұржамила Азаттыққа берген сұқбатында жуықта өткен жарыс жайлы, өзінің бұл спортқа неліктен қызыққаны туралы әңгімеледі.

Әңгімемізді жуықта жеткен жеңісіңнен бастайық. Жарыс қалай өтті, бәсеке қиын болды ма?

Нұржамила Батырбекқызы: – Ақпанның 15-20-сы аралығында өткен жарысқа Моңғолияның барлық аймағынан боксшылар келіп қатысты. Осы жарыста мен өз салмағымдағы алтын медальмен қатар «Үздік боксшы» деген атақ алдым. Жалпы, 48 килограмм ең жеңіл салмақ болғандықтан, мықты боксшылар да өте көп. Соңғы үш жылда осы салмақта мықты қыздардың саны көбейіп келеді.

Боксшы болуға қалай құмарттың? Әлде отбасыңда боксшылар бар ма?

Нұржамила Батырбекқызы: – Жоқ. Отбасымдағылардың барлығы спорттан алшақ. Әкем – дін қызметкері, Моңғолия мұсылмандар қоғамының бас директоры, ел президенті әкімшілігінің жанынан құрылған дін істері басқармасында қызмет етеді. Тек мен спортпен айналысқалы боксты қызықтап, тамашалайтын болды. Үйде ағам ән айтады, ал әпкем мен сіңілім биге қатысып жүр.

Спортқа келуіме әлімжеттік себеп болды. Кішкентай күнімнен ұл балалармен ойнауға құмар болдым. Солармен күресіп, төбелесіп өстім. Мінезім де ұлдардыкі секілді қалыптасты. Сондықтан ба, әлде басқа да себебі болды ма – орта сыныпқа келгенде айналамдағылар мені бөлектеп, ыңғайы келсе тиісе бастады. Сосын өзімді қорғау үшін бокс үйірмесіне жазылдым.

Мектептегі үйірмеге барасың ба, әлде арнауы клубта дайындаласың ба?

Нұржамила Батырбекқызы: – «Улаан-Арслан» дейтін жергілікті бокс клубы бар. Бұл жерде тек жастар ғана емес, үлкендер де жаттығады. Осыдан төрт жыл бұрын сонда жазылып, Нармандах есімді бапкердің қоластына барғанмын. Бүгінге дейін сонда жаттығамын. Осы клубта қазақ ұлтынан тек мен ғана. Түске дейін мектептегі сабағыма барып келемін. Түстен кейін екі сағат уақытымды жаттығуға арнаймын.

Ендігі мақсатың қандай?

Нұржамила Батырбекқызы: – Моңғолия қазақтары арасынан шыққан боксшы қыздар аз. Сол себепті Моңғолия атынан олимпиадалық жарыстарға қатыссам деген мақсатым бар. Бұл – әзірге тек арман. Бірақ арманға жету үшін жұмыс істеп жатырмын.

ДереккөзАзаттық

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Ақша айырбастау орындарында доллар мен рубль арзандап жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 443-449 теңгеден саудаланып жатыр.

Мемлекет басшысының қолынан кімдер шен алды?

Президент мемлекеттік туды көтеру рәсіміне қатысып, жоғары әскери оқу орындарының үздік түлектеріне офицерлік шен тапсырды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс бабымен Анкараға барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға жұмыс бабымен барды. Бұл туралы Ақорданың Telegram каналында жарияланды.

Министр: Биыл астық түсімі 16 миллион тонна көлемінде болады

Биыл шілде-тамыз айларында батыс және оңтүстік өңірлерде жауын-шашын қалыпты нормадан сәл аз болады. Бұл туралы ауыл шуаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты.

ҰҚК екі айда 40-тан аса қару-жарақ тәркіледі

Сәуір және мамыр айларында ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция және прокуратура органдарымен бірге қарудың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша бірқатар жедел іздестіру шараларын жүргізді.

Ыстық күннен қалай қорғанамыз? Түрлі ел тұрғындарының 5 әдісі

Жаз - сөмкеңізді жинап, түрлі шытырман оқиғаға жол тартатын уақыт. Дегенмен биылғы бұл маусым ыстық болатын сияқты. Сол себепті ыстық күннен қорғанудың ең қарапайым бес әдісін ұсынамыз.