The-steppe сайтының мобильді қосымшасы шықты

The Steppe — адамдарға арналған адамдар туралы айтатын сайт. Енді оның материалдарымен мобильді қосымша арқылы танысуға болады.

«The Steppe қосымшасын жүктеп, отандық және шетелдік компаниялардың сәтті жобаларынан, қарапайым адамдардың таң қаларлық хикаяларынан, IT әлеміндегі соңғы жаңалықтарынан хабардар болып отырыңыздар»,- деп жазады сайт әкімшілігі.

Мобильді қосымшада қызықтырған жаңалықтарды сақтап қоюға болады. Танымдық материалдар мен жаңалықтар да бөлек орналастырылған. Сондай-ақ, қосымшада жай ғана күй тыңдауға болады. Қазір онда 26 күй бар.

The steppe қосымшасын әзірге тек IOS қолданушылары жүктей алады. Жуық арада Android үшін де қолжетімді болмақ.

Сайт ұжымы қосымшаны мыңыншы болып жүктеген адамға «The Steppe» жеңіл жейдесін сыйға тартады.