Басты бет Жаңалықтар Мәскеуде қазақстандық «Сколково» технопаркінің өкілдігі ашылды

Мәскеуде қазақстандық «Сколково» технопаркінің өкілдігі ашылды

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұ­ма­ғалиев Ресей Федерациясына іссапары барысында «Сколково» технопаркінде «Инновациялық технологиялар паркінің» қазақстандық өкілдігінің ашылу салтанатына қатысты. 

Сондай-ақ, Ресей үкіметі төрағасының орынбасары Аркадий Дворковичпен екіжақты серіктестік мәселелерін талқылады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлайды.

Премьер-Министрдің орынбасары А.Жұмағалиев «Сколково» тех­но­паркінде инновациялық дамудың «Ашық инновациялар-2017» VI Мәс­кеу халықаралық форумына қатысты. Биылғы форумның басты тақырыбы – цифрлы экономика. Форум аясында «Сколково» тех­нопаркінің базасында «Инно­ва­ция­лық технологиялар паркі» (ИТП) Ав­то­номды кластерлік қор өкілдігінің ашылуы өтті.

«Қазіргі таңда біз Елбасының тапсырмасы бойынша адами капиталды және проактивті мемлекетті дамыту, цифрлы инфрақұрылымды жасау және экономиканың барлық саласын цифрландыру мәселесін қамтитын «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жетілдірумен айналысып жатырмыз. Бұл бағдарламада экожүйені дамыту мен өнеркәсіп мекемелерін цифрландыру сияқты маңызды элементтер болады. Бағдарлама жуырда пысықталып жетілдіріледі», — деді Премьер-Министрдің орынбасары А.Жұмағалиев.

Айта кетейік, Қазақстан вице-премьері іссапар барысында Ресей Федерациясының үкіметі төрағасының орынбасары А.Дворковичпен кездесті.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version