ҚР Премьер-министрі қырғыз делагациясымен кездесуді қорытындылады

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев қырғыз делегациясымен келіссөздердің қорытындысы бойынша мәлімдеме жасады. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Кеше Қырғызстан Премьер-министрі Сапар Исаков бастаған ресми делегациямен келіссөздер басталған болатын. Кездесуде екі жақты экономикалық қатынастар талқыланды.

Бақытжан Сағынтаев шекара, көлік, фитосанитария және санитарлық бақылау салалары бойынша мәселелер сарапқа салынғанын айтты. Келіссөздер нәтижесінде екі ел тарапынан бірлескен жұмыс тобы 5 күн ішінде бірлескен жол картасын әзірлеуге уағдаласқанын мәлім етті.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version