Басты бетБарселонада 200...

Барселонада 200 мыңға жуық адам ереуілге шықты

Каталонияда автономиялық аймақтың тәуелсіздігін жақтаушы екі саясаткер бүлік шығармақ болды деп айыпталып, қамауға алынған болатын. Биліктің бұл әрекетіне ашуланған жұрт азаматтарды босатуды талап етіп отыр.
«Олар заңға қайшы ештеңе жасаған жоқ қой. Олар біздің 300 жыл бойы аңсаған бостандығымыз үшін күресті. Сондықтан, саясаткерлеріміздің қамауда отыруы демократия талаптарына сай келмейді. Мадрид билігі біздің ақшамызды жымқырған жұртты түрмеге отырғызып, соларды тергеумен айналыссын», -деді Ольга есімді ереуілші.
Дереккөз24.kz