Көптеген аналар көлік тұрағынан шыққанда қауіпсіздік ережелерін сақтамайды.
«Бесік арба кез келген көліктен көрінбей қалуы мүмкін. Оны байқамаған жүргізуші сағатына 20 шақырым жылдамдықпен келе жатса да, дер кезінде тоқтап үлгере алмай, соңы қайғылы жағдайларға апарып соғып жатыр»,-деп жазады Ирина Лукьянина-Костерева.
Сол себепті де қарапайым ережелерді есте сақтаған дұрыс.
Балаға қауіпсіздік белбеуін кигізу
Барлық бесік арбаларда қауіпсіздік белбеуі бар. Сәбилердің арбасында бес нүктелі, бүлдіршіндердікінде үш нүктелі болады. Оларды баланың иығына қарай бағыттап, қолы жетпейтіндей етіп бекіткен дұрыс. Себебі көптеген бүлдіршіндер белбеуді ашып, арбадан түсуге құмар келеді.
Көлік тұрағынан шығарда бесік арбаны алдыңызда ұстамаңыз
Көлік тұрағынан шығар кезде бесік арбаны алдыға ұстап шығуға болмайды. Себебі арба көліктерден көрінбей қалуы мүмкін. Бірінші өзіңіз жолда келе жатқан көліктің жоқ екеніне көзіңізді жеткізіп алыңыз. Содан кейін ғана баланы қолыңызға алып, арбаны артыңыздан сүйретіп шығыңыз. Баланы қолға алу ыңғайсыздық тудырған жағдайда, арбаны арт жақта немесе жаныңызда ұстаңыз.
Жолдан өтерде телефонмен сөйлеспеңіз
Телефонмен сөйлескен кезде назарыңыз ауып, келе жатқан көлікті байқамай қалуыңыз мүмкін.
Тоқтаған кезде бесік арбаның тежегішін басыңыз
Бағдаршамда немесе басқа да жерлерде тоқтаған кезде бесік арбаның тежегішін басып қойыңыз. Жолдар еңіс болса, арба жылжып кетуі мүмкін.
Жарық қайтарғыш жолақ жабыстырыңыз
Кешқұрым уақытта бесік арбаға жарық қайтарғыш жолақ жабыстыру керек. Бұл көлік жүргізушісіне жолда сіздің де келе жатқаныңызды білдіреді. Бұндай жолақтар кейбір арбалардың өзінде болады.
«Қымбатты ата-аналар, сіздер екі есе, тіпті үш есе жауапкершілік арқалайтындарыңызды естен шығармаңыздар. Себебі сіздердің, балаларыңыздың қауіпсіздігіне көлік жүргізушісі жауап береді. Бастысы, сіздің балаңызға зиян келетінін ұмытпаңыз!»,- деп жазады Лукьянина-Костерева