Басты бет Жаңалықтар 30 қарашада әнші Бүркіттің триллер жанрындағы фильмі көрерменге ұсынылады

30 қарашада әнші Бүркіттің триллер жанрындағы фильмі көрерменге ұсынылады

30 қараша күні отандық айналымға Бүркіт лақап атымен танымал әнші Айбек Жансейітовтың «Апан» триллері жарыққа шығады. 

Аталмыш картина Бүркіттің кинодағы режиссерлік әрі продюсерлік дебюті.  «Апан» фильмі — қылмыстық триллер, кейіпкерлер бірігіп демалысқа шығады. Бірақ олар демалыстың өмір үшін күреске айналарын білмеген еді.

Кинокартинада басты рөлдерді Жан Байжанбаев, Бауыржан Сатов, Айым Алтынбеков және Айлин Елеукенова сомдайды. Триллердегі оқиға Бурабай демалыс орнында болған.

Фильм сценарийін Бүркіт інісі Әли Жансейітпен бірге жазған. Ал музыкасын композитор Павел Ли шығарды («Барлығы еркектердің кесірінен»). Таспаның қоюшы-операторы — Әубәкір Сүлеев, екінші режиссері — Артём Гансев.

Айта кетейік, «Апан» фильмін «Отан фильм» компаниясы түсірді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version