30 қарашада әнші Бүркіттің триллер жанрындағы фильмі көрерменге ұсынылады

Аталмыш картина Бүркіттің кинодағы режиссерлік әрі продюсерлік дебюті.  «Апан» фильмі — қылмыстық триллер, кейіпкерлер бірігіп демалысқа шығады. Бірақ олар демалыстың өмір үшін күреске айналарын білмеген еді.

Кинокартинада басты рөлдерді Жан Байжанбаев, Бауыржан Сатов, Айым Алтынбеков және Айлин Елеукенова сомдайды. Триллердегі оқиға Бурабай демалыс орнында болған.

Фильм сценарийін Бүркіт інісі Әли Жансейітпен бірге жазған. Ал музыкасын композитор Павел Ли шығарды («Барлығы еркектердің кесірінен»). Таспаның қоюшы-операторы — Әубәкір Сүлеев, екінші режиссері — Артём Гансев.

Айта кетейік, «Апан» фильмін «Отан фильм» компаниясы түсірді.

ДереккөзBrod.kz