Роботтар адамдарды алмастырады деп үрейленудің қажеті жоқ. Кейде бұл туралы премьер-министрлер де алаңдайды, бірақ бұл мәселе өздігінен шешіледі. Адамдар неге болашақты ойлап алаңдайды? Себебі өздеріне сенімсіз, алдағы күнді елестетуге қиялдары жетпейді. Қазір оны шешудің жолдарын білмеуіміз мүмкін, бірақ болашақта табамыз. Бұл жағдайда жастарға арқа сүйеу керек. Әлемде 7 миллиард адам бар. Арасынан ұтымды шешімін ұсынатын ақылдылар шығады.
Адамдар бұрын роботтар сияқты жұмыс істейтін, қазір де солай. Болашақта адамдарға адам болып қалуға осы машиналар көмектеседі. Олар адамдарды толығымен ысырып тастай алмайды. Бірақ өз тағдырың туралы алаңдау керек.
Миллиардер болғыңыз келсе, өзіңізге деген сенімді арттырыңыз.
30 жылдан кейін интернет мұнайдан да маңызды болады. Көптеген мәселелер сандық технологияның көмегімен шешіледі. Осы тұрақты даму болмақ.
Әлемдегі адамдардың 80 пайызы интернетке қосылған. Біз осы өзгерісті ескеруге тиіспіз. Әлемге G20 (үлкен жиырмалық) емес, G200 керек.
Электронды сауданың орнында электронды экономика болуы керек. Тауардың қайда жасалғаны, мейлі, ол Қытайда немесе АҚШ-та шығарылса да, маңызды емес. Өндірісте жаңа жұмыс орындары пайда болмайды, себебі оның барлығын жасанды интеллект істейді. Адамдар басқа шаруамен айналысатын болады.
Машиналар мен адамдардың интеллектін салыстыруға болмайды. Олар бізден ақылдырақ. Бұл дегеніңіз машинаның жылдамдығымен жарысу сияқты пайдасыз.