«Бала Арыс қаласынан табылды. Оның жанында фотороботы жасалған әйел болды. Бала дін аман. Оны ата-анасына алып бардық. Қазір әйелдің бұл әрекетке баруына ненің себеп болғаны анықталып жатыр. Баланы өзімен ертіп жүрген әйел Арыс қаласының тұрғыны. 1956 жылы туылған»,-дейді ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпараттандыру басқармасының бастығы Сапабек Жарқынбеков.
Еске сала кетейік, түс кезінде мектептен шыққан 6 жасар Мұхаммед Қамшыбекті бейтаныс әйелімен өзімен бірге аудан орталығына алып кеткен болатын.
Оқушының ата-анасы мен туыстары баланы аман қайтаруын тілеп, көпшіліктен көмек сұраған еді.
Психикалық ауытқуы бар адам болса керек.Дегенмен ауыр жазаға тартылуы керек….Мұхаммед енді бөтен адамдарға жолама.Біз отбасымызбен менің өз ата-анармен табыстарына қуаныштымыз.Саған Ата Анаңа ұзақ Ғұмыр тілейміз.Жаратқан ИЕМ енді сені Ата Анаңнан айырмасын. …