Басты бет Жаңалықтар Бүгін Астанада бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді

Бүгін Астанада бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді

Астанада жастарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізіледі. Бұл туралы қалалық жастар саясаты басқармасы хабарлайды.

Фото: Астана әкімдігі

Іс-шараны «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы ұйымдастырады. Сәтпаев көшесіндегі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті бас ғимаратының атриумында өткізілетін жәрмеңке сағат 10:00-да басталады.

Жәрмеңкенің мақсаты — ЖОО, ШОО түлектері және қаладағы жастар арасында жұмыссыздықты азайту және тәжірибелі жастарды нақты жұмыспен қамтамасыз ету. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай іс-шараларға келу, тәжірибесі бар жұмыс іздеушілерге де, жұмыссыз түлектер мен студенттерге де өте пайдалы болмақ.

Айта кетейік, бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қаладағы 40-тан астам жұмыс берушілер қатысып, өздерінде бар бос жұмыс орындары туралы айтады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version