Іс-шараны «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы ұйымдастырады. Сәтпаев көшесіндегі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті бас ғимаратының атриумында өткізілетін жәрмеңке сағат 10:00-да басталады.
Жәрмеңкенің мақсаты — ЖОО, ШОО түлектері және қаладағы жастар арасында жұмыссыздықты азайту және тәжірибелі жастарды нақты жұмыспен қамтамасыз ету. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай іс-шараларға келу, тәжірибесі бар жұмыс іздеушілерге де, жұмыссыз түлектер мен студенттерге де өте пайдалы болмақ.
Айта кетейік, бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қаладағы 40-тан астам жұмыс берушілер қатысып, өздерінде бар бос жұмыс орындары туралы айтады.