Рухани келісім күні
1992 жылы қазанда Рухани келісімнің І әлемдік конгресі өтті. Ол кезде еліміздің астанасы Алматы қаласы еді. Конгреске қатысушылар 18 қазанды рухани келісім күні — қақтығыстар мен жанжалдарға тоқтам салу, татулық іздеу, жақынға қайырымдылық және көмек күні деп жариялау туралы манифест қабылдады. 1992 жылдан бастап бұл күн Қазақстанда атаулы күн ретінде атап өтіледі.