Жарысқа облыстың әр өңірінен келген 100 спортшы 15 салмақ бойынша сынға түсті.
Жарыс жеңімпаздары 19 және 25 қараша аралығында Экібастұз қаласында өтетін өңірлік біріншілікке қатысу жолдамасына ие болды.
«Былтырғы жылмен салыстырғанда биылғы жарыстың деңгейі жоғары болды. Әр кездесу тартысты өтті. Қатысушылардың барлығы тек жеңіс үшін келгенін көрсетті», деді студеттер арасында әлем чемпионы, ҚР чемпионы Андрей Спиридонов.
Жарыс жеңімпаздарына арнайы грамоталар мен медальдар тапсырылды. Оған қоса, жас боксшылар да марапатталды. «Ең үздік техникасы үшін» тағайындалған кубог степногорлік Диас Көшековке берілсе, «жеңіске деген жігері үшін» кубогіне Жақсы ауданынан келген Ержан Қабыкенов лайық деп танылды.