Қазақстандықтар әлемнің 67 еліне визасыз кіріп-шыға алады

Henley&Partners компаниясының виза шектеулерінің әлемдік индексі (Visa Restrictions Index) 200-ден аса елдің виза ережелерін талдап, визасыз кіруге болатын елдер саны бойынша реттейді.

Аталған рейтингте Германия үш жыл қатарынан көш бастап келеді. Биыл 177 мемлекет Германия азаматтарына визасыз кіруге рұқсат берген. Екінші орынға 176 елмен Швеция жайғасқан. Үшінші орынды Финляндия, Франция, Испания, Италия және Ұлыбритания мемлекеттері өзара бөлісті (175 ел).

Ал Қазақстан азаматтары 218 елдің 67-сіне визасыз кіріп-шыға алады. Биыл еліміз бұл тізімдегі көрсеткішін біраз жақсартты – былтыр 65 мемлекет қазақстандықтар үшін визаны алып тастаған болатын. Жалпы рейтингте Қазақстан 72-орыннан 71-орынға көтерілді. Ал еліміздің көршілері – Ресей 48-ші орынға, Әзербайжан – 75-орынға, Өзбекстан 58-орынға іліккен.

Пәкістан, Иран және Ауғанстан тізімнің соңына жайғасып отыр.

Henley & Partners компаниясы Халықаралық әуе көлігі қауымдастығымен (IATA) бірлесіп визалық шектеулер индексін 2006 жылдан бері жариялап келеді.

Дереккөзbnews.kz