Сомали астанасы — Могадишодағы лаңкестік әрекеттен 300 адам қаза тауып, тағы 300-ден астам адам зардап шеккен.
14 қазан күнгі қайғылы оқиға ел тарихындағы ең үлкен теракт болды.
Осыған байланысты Республика президенті Мохамед Абдуллахи Мохамед Сомалиде үш күндік аза тұту жариялады.