Басты бет Жаңалықтар Қазақ хандығы туралы сериалдың қашан көрсетілетіні белгілі болды

Қазақ хандығы туралы сериалдың қашан көрсетілетіні белгілі болды

Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде "100 нақты қадамның" 55-ші және 65-ші қадамдары талқылану барысында Қазақ хандығы туралы сериалдың қашан көрсетілетіні белгілі болды деп хабарлайды Алматы арнасы.

Ел тарихын әлемге танытудың бірден-бір жолы ол — кино. Киноөндірісін пайдалана отырып, тарихи сериалдар мен фильмдер түсіру қажет. Жазушы, драматург Смағұл Елубайдың пікірінше, қазақтың сан ғасырлық тарихын таныту кино арқылы жүзеге асса, құба-құп. Бұл «Мәңгілік ел» идеясын дәріптеуге сеп болады.

«Қазақ хандығы фильмі 20 бөлім болып, дайындық үстінде. Бұл жалпы біздің киноның тарихындағы бірінші тарихи телесериал. Осы Астана күніне орай оның 10 бөлімі көрсетіледі. Ал, қалған 10 сериясын алдағы Тәуелсіздік күніне дайындап жатырмыз», — деді жазушы Смағұл Елубай.

6 пікір

  1. алла сол күнге жеткізсін.осындай игі істер көөөп жасалып тəуелсіз елміздің тұғыры əрқашанда биіктей берсе екен.

  2. керемет, жалғасын асыға күтеміз,,, осындай қазақ кинолары көп болғай,, саттилик сіздерге!!

  3. қазақ хандығы киносын шығарғандарнзға коп рахмет жалғасын асыға кутемиз,,алға Қазақстан!!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version