Алматы қаласындағы Зенков пен Шевченко көшелерінің қиылысындағы үйдің қабырғасына орнатылған тақтаның шымылдығын ақын, белгілі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин және жазушының туған бауыры Әбіләкім Әубәкіров түсірді.
Тақта алдында әдебиеттегі қатарластары мен жасы кіші інілері Сайын Мұратбековтің адами келбеті мен әдеби қарымын тең сөз етті. Бұдан бөлек ескерткіштің ашылу шарасына Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин, ақын Марфуға Айтқожина, бауыры мен балалары қатысты.
Айта кетейік, ескерткіш тақтаны қоюға атсалыып, осы шараны қала әкімдігі ұйымдастырды.