Басты бетЖаңалықтарЛәйла Сұлтанқызы...

Ләйла Сұлтанқызы «Хабар» арнасында «Тікелей эфир» жобасын жүргізбек

Тележүргізушінің айтуынша, жаңа жоба еркін форматта өтпек.

«Тікелей эфир» еркін форматтағы ток-шоу. Біз түрлі тағдыр, шешімін таппай жүрген түйткіл, адамның өмір жолындағы күресін көрсетеміз. Мақсатымыз қоғам назарына ілінген ерекше оқиғаларды талқыға салу, кезек күттірмейтін мәселелердің тобықтай түйінін табу. Сондай-ақ еліміздің мәдени өміріндегі атаулы күндер, өнер саласы тақырыпқа арқау  болады. Арна басшыларымен бірнеше рет кездесу барысында  мұндай бағдарламалар елімізде аз екенін түсіндік. Әрине әлеуметтік, мәдени, ойын-сауықтық бағдарламалар бар, бірақ кез келген тақырыпты қозғайтын ток-шоулар аз. Оның үстіне «Хабар» арнасында көрермендермен өтетін тікелей эфирдегі бағдарлама жоқ» — дейді Ләйлә Сұлтанқызы.

Жаңа жобаға танымал тұлғалар мен әлеуметтік желілердегі жұлдыздар, қоғам қайраткерлері мен қарапайым тұрғындар қонақ ретінде келеді. Елімізде болып жатқан шынайы оқиғалар жоба барысында зерттеліп, көмек көрсету мақсатында студияға сарапшы мамандар, жанашылар мен сыншылар шақырылады.

Айта кетейік, ток-шоу сейсенбіден жұма аралығы сағат 15.00-де эфирге шығады.

ДереккөзMassaget.kz