Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында...

Алматы облысында күн электрстанциясы салынады

«Инвестициялар тарту жөніндегі бірқатар іс-шаралардан кейін ұқсас жасыл технологияларды «Қорғас» ХШЫО аумағында да енгізу жоспарланып отыр. Болашақта Қазақстан мен Оңтүстік Корея кәсіпкерлерінің іскерлік кеңесін құруды да ойластырып жатырмыз», — деді Алматы облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қанат Қабдиев.

Сондай-ақ облыс әкімдігінде болашақ электр станциясын орналастыру үшін 300 гектар бөлу жоспарланып отырғаны атап өтілді. Алғашқы 8 ай ішінде күн батареялары  30 мВт бөлетін болады, станция толық қуаттылығына 2 жылдан кейін шығатын болады. Ауданда 70-ке жуық жұмыс орны ашылады.

Бұдан бөлек, инвестициялар тарту және инвесторлармен тиімді жұмыс жүргізу мақсатында «Қорғас» ХШЫҰ» АҚ инвестициялық комитетіне палата өкілі енгізілетін болады.

ДереккөзNaryk.kz