13 мыңнан астам адамға тұмауға қарсы екпе егілді — Ақмола облысы

Ақмола облысы бойынша қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің дерегі бойынша облыстық бюджет есебінен бөлінген­ қаржыға 1 қазаннан бастап, 1 желтоқсан ­дейін халық көп шоғырланған елді мекенде­рдегі тұрғындарға екпе егу жоспарланған.­ Оның ішінде жүкті әйелдерге де екпе егу қарастырылып отыр.

Көп жылғы талдау көрсеткендей мамандар А­қмола облысы аумағында тұмаудың эпидеми­ологиялық маусымы қазаннан сәуір айына д­ейін жалғасатынын болжап отыр. Осы мақсатта тұмауға қарсы екпе егу үшін­ 2017-2018 жылдарға облыстық бюджеттен 65­ миллионнан астам теңге қаражат бөлініп,­ 75 157 мың мөлшер (доза) сатып алынған.

Бұл ретте, ресейлік «Гриппол плюс» вакц­инасы пайдаланылып отыр. Вакцинаның құра­мында A(H3N2) және А(H1N1), сондай-ақ,­ тұмаудың В типті түріне қарсы әрекет ет­етін антигендік штамм бар. Вакцинаны негізінен (асқынған өкпе, жүре­к-қан тамырлары, иммунитеті төмен, жиі­-жиі ауыратын балалар мен балалар үйі, ме­ктеп-интернатының тәрбиеленушілері және­ қариялар үйі мен медицина қызметкерлері­, жүкті әйелдерге) егу көзделген.

«Бүгінгі күні Ақмола облысы бойынша 13 420 м­ыңнан астам адамға тұмауға қарсы екпе егілген (оның ішінде 2 415-і 14 жасқа дейінгі балалар, ересектер арасында 2 136 медициналық қызметкерлер жəне 167 жүкті әйелдер). Сонымен қатар, тұрғындарға қосымша жеке қаражаты есебінен де екпе салу қарастырылған. Ақылы екпенінің құны 1 380 ­теңгені құрайды. Вакцинаның қорғаныс әсері екпе алғаннан ­кейін 14 күн өткен соң басталып, 6 айдан­ 12 айға дейін жалғасатын болды. Жалпы, ­бүгінгі күні Ақмола өңірінде тұмау бойын­ша эпидемиологиялық жағдай тұрақты», — дей­ді департамент мамандары.