Басты бет Жаңалықтар Атырауда республикалық жастар слеті өтті

Атырауда республикалық жастар слеті өтті

Атырауда «Қазақстан жастары Конгресінің» 15 жылдығына арналған республикалық шара өтті. Жастар слетіне еліміздің әр өңірінен жастар ұйымдарының көш­басшылары мен өкілдері, жас депутаттар, спортшылар, блогерлер, сарапшылар мен мемлекеттік қызметшілер шақырылды. 

Аталмыш шараға Қазақстан жастар Конгресі кеңесінің төрайымы Дариға Назарбаева, Олимпиада жүлдегері Василий Левит, танымал тележүргізуші Сәнді Сұлтан құрметті қонақ ретінде қатысты.  Үш күнге созылған слет жұ­мы­сында жастарды тол­ған­ды­ра­­тын сауалдар талқыға түсіп, түр­лі тренингтер мен ше­бер­­лік-сабақтары, көше суб­мә­де­ниеті фес­тивалі, түнгі алау жа­нын­дағы бейресми кездесу, облыс әкі­мі Нұрлан Ноғаевпен кездесу, пікірталас, «Жаңа дем» эко­ло­гия­лық акциясы сынды шаралар ұйымдастырылды.

Кон­грестің ат­қарушы директоры Айдын Сә­битов «Жас қару» патриоттық ұйымы жұмысын бастағанын айтып өтті.

«Биыл әске­ри-патриоттық бағытты ай­рықша назарға алып отырмыз. «Жас қару» патриоттық ұйы­мы жұмысын бастады. Тағы бір жаңалық – дүниежүзілік банк­тің грантын жеңіп алдық. Ауыл жас­тарының бастамаларын қол­дау мақсатында шаралар өтеді. Жалпы, еліміз бойынша 106 конгрестік ұйым бар», – деді Айдын Сәбитов.

Дариға Назарбаеваның айтуынша, еліміздегі туризмді дамытуға жастар атсалысуы керек.

«Алдымызда нақты мақсат болуы керек. Биылғы жыл еліміз үшін оқиғаларға бай жыл болды. ЭКСПО-2017 халықаралық көр­месі әлем назарын бізге аударды. Көрме жұмысынан жастар тыс қалған жоқ. Қазақстанның түк­пір-түкпірінен еріктілер жиналды. Туризмді дамытуға жас­тар атса­лысулары керек. Туризм – әлем­дегі ең серпінді дамып келе жат­қан бизнес түрі. Өз жерімізді біле­міз бе? Қасиетті жерлерге, тари­хи мұрамызға қаншалықты қа­нықпыз? Осы сауалдар жауапсыз қалмауы тиіс», — деді ол.

Айта кетейік, Қазақстан жастар Конгресі 2002 жылы Елбасы бастама­сы­мен ашылған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version