Алматыда студент жастар арасында «Арландар сайысы» турнирі өтті

Сайысқа 14 облыстан және Алматы, Астана қалаларынан 96 палуан келді. Ашық турнирдің ережесі бойынша жоғары оқу орындарында оқитын, 18-29 жас аралығындағы барлық студент жастар және спорт клубтардың жас палуандары қатыса алады.

Спортшылар олимпиада жүйесі бойынша 60 кг, 74 кг және 90 кг салмақ дәрежелерінде күш сынасты. Жеңімпаздар ақшалай сыйлық, медальдар және грамоталармен марапатталды.

60 килограмм салмақ дәрежесі бойынша үшінші орынды Алматы қаласынан Арыстанбеков Абзал мен Мағауинов Ержан иеленді. Екінші орынды Қарағанды облысынан Хуанбай Еламан алса, осы салмақ дәрежесіндегі палуандарды қолдау мақсатында тағайындалған автокөлік және бірінші орынды Алматы облысынан Еренғайыпов Ержан алды. Сондай-ақ, 74 килограмм салмақ дәрежесі бойынша үшінші орынды Қызылорда облысынан Әбдірашит Рахманберді және Маңғыстау облысынан Оразалин Нұрлан өзара бөлісті. Екінші орынды Алматы облысынан Жұмажан Нұржан және бірінші орынды Алматы қаласынан Төлемісов Амангелді қанжығаларына байлады. 90 килограмм салмақ дәрежесінде үшінші орынды қос Қызылордалық ұлан Сәлімгереев Нұрым мен Исақабылов Мақсат иеленсе, екінші орынды Алматылық Нұралинов Дәурен алды. Ең ауыр салмақтан үздік болып Алматы қаласынан Әбдіразақов Руслан танылды.

Қажымұрат Шешенқұл
Қажымұрат Шешенқұл ©baribar.kz

Кеш барысында қазақ күресінің пайда болуы мен дамуы жайындағы театрлық көрініс көрсетілді және «Серілер», «Алашұлы» және Қажымұрат Шешенқұл сынды өнер жұлдыздары өнер көрсетті.