«Тағы да сүй»: «Аға ма, әлде неке ме?» фильмінің саундтрегі шықты

Комедиялық таспаның музыкалық әрлеуі «Тағы да сүй» әні болды. Әннің композиторы Ренат Гайсин.

Бейнебаянның түсірілімі қыркүйекте болған. Музыкалық бейненің жарыққа шығуына режиссер Әлішер Утев пен қоюшы-оператор Шерхан Таңсықбаев атсалысты.

Айта кету керек, Кәмшат Жолдыбаева кинотаспаға алғаш рет саундтрек жазып отыр. Бұрын мұндай жобаларға актриса ретінде қатысып жүретін.

Еске сала кетсек, «Аға ма әлде неке ме?» Corich production продюсерлік орталығымен түсірілді. Фильмнің режиссері — Ернар Нұрғалиев.

ДереккөзBrod.kz