Басты бетҚоғамЖылдың ең...

Жылдың ең ақылды оқушылары анықталды

2017 жылдың ең ақылды оқушылары болып Астанадағы Назарбаев орталығында өткен «Кім білгіш?» интеллектуалды-танымдық онлайн турнирінің жеңімпаздары атанды. Олар: Бихан Боранбай мен Влада Горбенко. Биxан — Павлодар облысы Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 11-сынып оқушысы. Влада — Павлодар облысы Ақсу қаласының № 4 орта мектебінің 10-сынып оқушысы.

Турнирге қатысқан 5 мың оқушыдан озық болған 12 финалист құрмет дипломдары мен ноутбук, планшет және смартфон сынды бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жобанв Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры ұйымдастырды.

Турнирдің мақсаты — дарынды балаларды анықтау, оқушылардың танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын арттыру, білімді насихаттау, интеллектуалды мүмкіндіктерін дамытуға ат салысу.

«Кім білгіш?» мобильдік интеллектуалды қосымшасы 2016 жылы іске қосылған.

ДереккөзBnews.kz