Еліміздегі мейрамханалардың 40 пайызы жұмысын тоқтатуы мүмкін

Елордада элиталы, көздің жауын алатын мейрамханалар жетерлік. Тек, қазір олардың көпшілігі қаңырап тұр. Сондай желілердің бірінің директоры Александр Рассказов девальвациядан кейін бизнестің тығырыққа тірелгенін айтады.

«Девальвация кесірінен адамдар ақшасын санап, үнемдеуге көшті. Мейрамханалардың орта чегі 30 пайызға қысқарды. 2015 жылы клиенттер сәл азайса, 2016 жылдан бастап тіпті күніне бірен-саран адам келеді»,-дейді ресторатор  Александр  Рассказов

Алайда клиенттер үнемшіл болып кеткен жоқ. Тұтынушылар мейрамханаларда тамақ бағасының аспандап кеткенін айтады. Ал рестораторлар бағаны өсірмесек, тақырға отырамыз дейді.

«Иә, кей тағамның бағасын 10-15 пайызға қымбаттаттық. Себебі біздің мәзірдегі астың жартысынан астамы импорттық азық-түлікпен дайындалады. Ал импорт 70 пайызға шарықтады. Шамамыз келгенше шеттен келетін тауарды отандық өніммен алмастырып жатырмыз, бірақ Жерорта теңізінің балығы мен Балтық асшаянын Қазақстанның қай жерінен табасыз?!»,-дейді ресторатор  Александр  Рассказов

Ал сарапшылар дағдарыстан аман шығу үшін кейбір «хай класс» мейрамханалардың орта деңгейліге өтуі керектігін айтады.

«Нарықта қалатындар: тауарларының өзіндік құндарын төмендете білгендер, баға  саясатын тиімді пайдаланып маркетингтік жүйені жүзеге асырғандар ғана  бәсекеге төтеп бере алады. Қазіргі уақытта тікелей бәсекеге төтеп беретін пайызбен шаққанда 30-35 пайыз кәсіпорын ғана қалады деп айтуға болады»,-дейді экономист  Бауыржан Искаков

Банкрот қаупі төнгендердің дені мейрамхана ғимаратын АҚШ валютасымен жалға алғандар екен. Доллар шарықтай берсе, өзге де кәсіпкерлер қарызға батып қаламыз ба деп қорқып отыр.

Дереккөз31 арна

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Елімізде ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

Алматыда велошеруге байланысты 28 автобустың бағыты уақытша өзгереді

Алматыда 4 маусымда мемлекеттік рәміздер күніне орай велошеру өтеді. Осыған байланысты 28 автобустың бағыты уақытша өзгереді. 

Оралда алтыншы халықаралық экологиялық форум өтті

Оралда VI Uralsk Green Forum халықаралық шарасы өтті. Қоршаған ортаны қорғау құндылығын арқау еткен форумда жолы «ESG мен тұрақты даму принциптерін интеграциялаудағы жаңа трендтер» тақырыбы көтерілді.

Бауырын бағып өскендер. «Кішкентай ата-ана» болғанның кесірі көп пе?

Практик-психолог Әсем Лесбай "кішкентай ата-ана" синдромын түсіндіріп, екінші ата-ана болып өскен балалардың проблемасын талдап берді.

Таиландта комаға түскен қазақстандық қаза болды

Таиландта суға батып кете жаздаған қазақстандық Артур Ысқақов қаза болды. Оның қазасы туралы әлеуметтік желіде әпкесі хабарлады.

Елімізде демалыс күндері 44 градусқа дейін ыстық болады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері елімізде 3-5 маусым аралығында ауа райы қандай болатынын жариялады.